ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ОТЫР

Отырар ауданына қарасты М.Шойманов елді мекенінің тұрғыны Азамат Арапбай өз үйінің ауласында балық өсіріп, ауылдағы кәсіпкерліктің жаңа бағытын дамытып келеді.

Кәсіпкер балық шаруашылығын осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Алдымен ауласына шағын бассейн салып, шабақ өсіруден бастаған Азамат бүгінде шаруашылығындағы сазан мен маринка балықтарының санын 4 мыңнан асырған.

Кәсіпкердің айтуынша, балық өсіру – тұрақты күтім мен үлкен жауапкершілікті талап ететін кәсіп. Балықтарды уақытылы азықтандырумен қатар, бассейндегі судың тазалығы мен деңгейін үнемі бақылауда ұстау маңызды.

«Балық өсіруді үш жыл бұрын бастадым. Бұл кәсіп күнделікті күтімді қажет етеді. Балықтарды уақытылы жемдеп, су деңгейін бақылап отырамын. Қазір бассейндерде 4 мыңнан астам балық бар. Алдағы уақытта өсірілген балықтарды сатылымға шығарып, бос бассейндерге жаңа шабақтар алып, шаруашылықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмын», – дейді Азамат Арапбай.

Алдағы уақытта кәсіпкер балық шаруашылығын одан әрі дамытып, отбасылық кәсіпті тұрақты табыс көзіне айналдыруды көздейді. Оның бастамасы ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерліктің жаңа түрлерін дамытуға және жергілікті жерде сапалы балық өнімдерін өндіруге мүмкіндік беріп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *