Digital Qazaqstan: цифрлық технологияларды қолданудың арқасында аукциондардан түсетін кіріс 7 есе артты

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрлық тұрғыда трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған бағыттар бойынша 2028 жылға дейін қол жеткізілуге тиіс көрсеткіштер айқындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Геологиялық барлау жұмыстарына тартылатын жеке инвестиция көлемін 30%-ға арттыру көзделіп отыр. Өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігінің жыл сайын 7%-ға өсуін қамтамасыз ету, роботтандыру ісін дамыту, кемінде 5 отандық интегратор және 3 құзырет орталығын құру жоспарланған. Құрылыс саласындағы техникалық тұрғыда күрделі жаңа нысандардың 100%-ында BIM технологиясын қолдануға кезең-кезеңімен қол жеткізу қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *