ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҒЫ

 

Шаға ауылдық округінде денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Шаға ауылдық округінің емханасында медицина қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өтті. Басқосудың негізгі өзегі – алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыру, ауыл тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсету және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселелері болды.

Кездесуге «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек, облыстық мәслихат депутаттығына №4 бірмандаттық сайлау округінен үміткер Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы және №8 бірмандаттық сайлау округінен үміткер Елеуов Ерсұлтан қатысты.

Whatsapp Image 2026 11 27 At 14.13.11

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жарияланған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, алғашқы медициналық көмектің тиімділігін арттыру, медицина мамандарын қолдау және медициналық қызметтің сапасын жақсарту жөніндегі міндеттер кеңінен сөз болды.

Жолдауда белгіленген міндеттер аясында ауылдық медицина ұйымдарының әлеуетін арттыру, заманауи медициналық инфрақұрылымды дамыту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының еңбегін ынталандыру мәселелерінің маңызы атап өтілді. Бұл бағыттар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуі үшін айрықша мәнге ие.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелерді ортаға салып, саладағы қажеттіліктер мен ұсыныстарын жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды тақырып қамтылды.

Жолдауда айқындалған міндеттердің жүзеге асуы ең алдымен нақты өңірлердегі өзгерістерден, халыққа көрсетілетін қызмет сапасынан және әр саладағы жүйелі жұмыстан көрініс табуы тиіс.

 

 

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *