САЙРАМ: Жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығы жоғары

Түркістан облысы Сайрам ауданы тұрғындарының төрттен бір бөлігі бұқаралық спортпен шұғылданады. Алдағы уақытта салауатты өмір салтын ұстанатындардың саны бұдан да артуы мүмкін. Себебі көктемде 3 бірдей спорт нысаны ашылмақ. Өңірде спортты дамыту жергілікті биліктің ғана емес, кәсіпкерлердің де ерекше бақылауында. Өйткені аудандағы спорт алаңдарының көбін қалталы азаматтар салып берген. Мәселен, мына заманауи кешен өткен жылы атымтай жомарт азаматтардың қаржысына қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Мұнда күрес, бокс, футбол, болейбол сияқты бірнеше спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді. Әсіресе жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығы жоғары екен.    Орынбасар Өтепов, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің бас маманы: — Бұқаралық спортпен қамту үшін ауданымызда, шалға елді мекендерде атап айтсақ Ақарыс, Сарыарық, Ынтымақ, Ақбұлақ ауылдарына кіші спорт залдары қажет. 2020-2021 жылғы жоспарға енгізіп жатырмыз, осындай кіші спорт кешендерін ашуға Облыстық, республикалық бюджеттен қолдау болса, ашылады деген ойдамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *