
Бүгінде бірлігі мен тірлігі жарасқан, еңбекқор халқы бар көпұлтты Сайрам ауданының ішкі саяси жағдайы тұрақты. Манкент ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы аумағының өсуіне және жаңа коммерциялық объектілердің қатарының артуына байланысты ауыз суға, электр жарығына деген сұраныс артып келеді.
Осыған байланысты, Манкент ауылындағы Әбдіқадыров және Ибн Сина көшелерінің тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында және қосымша пайдалануға 120 метр тереңдікте ұңғыма қазылған болатын.
Бүгінде аталған cу ұңғымасы іске қосылып, ауыз су тапшылығын жойып отыр. Нәтижесінде аталған көшелерде тұратын 700 ден астам тұтынушы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, ауылдық округте ағымдағы жылдың шілде айында Манкент ауылдық округінің Жалал ата көшесі бойында «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілік шектеулі серіктестік тарапынан 400 кВт қуатты трансформатор орнатылды.
Нәтижесінде трансформатор ауылдағы Жалал ата, Алматы, Акрамов және Ташев көшелеріндегі 200 ге жуық абонентті үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз ететін болады.
Ауылдағы электр желілерін жаңарту, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, трансформаторлар орнату жұмыстары 2016-2022 жылдарға арналған «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.