САЙРАМ: «Ендігі мәселе жарық»

Қарасу ауылдық округі Ақбай елді мекеніне қарасты жаңа құрылыс аумағында соңғы бірер жылда 80-ге жуық жаңа үй бой көтерген. Алайда баспанасы бітіп, қоныс тойын тойлаған тұрғындарға тіршілік нәрін тасып ішуге тура келіпті. Бірақ бұл мәселені жергілікті әкімдік демеушілердің көмегімен шешіп беріпті. Үш жарым шақырым ауыз су құбырын тартып, үйді-үйге кіргізген. «Ендігі мәселе жарық» дейді елді мекен тұрғындары.

Жарық жоқ, соны айттық. Газ келді, су бар. Жолды бітіріп жатырмыз. Енді жарық қалғаны бізде. Соны аудан әкімдігіне өтініш ретінде айттық. «Мақұл», жасап береміз» деп кетті. «Жарық» демекші, осы Қарасу ауылдық округіне қарасты Күләш Байсейітова көшесінің тұрғындары да электр қуатына қатысты әкімдікке өтінішпен барған. Себебі мұндағы бағаналар әбден ескірген. Жауаптылар демеушілерді тарта отырып, ағаш бағаналарды темірге ауыстырып берді.   Көшеміздегі жарық бағаналарының орнатылғанына 40 жылдан асты. Жел тұрып, жауын жауған сайын жарықсыз қалатынбыз. Әбден тозған. Кейбірі құлайын деп тұр. Осы көшенің ақсақалы ретінде әкімдікке барып, өтініш айттық. Сөзімізді жерге тастамады. Қазір өздерің көргендей жаңа темір бағандар орнатып жатыр. Сайрам ауданында қазір 200 мыңнан аса халық тұрады. «Адам саны көп болған сайын атқарылатын шаруа да, жауапкершілік те еселене түседі» жергілікті жауаптылар. Мұнда тозығы жеткен жол да, ескірген ауызсу құбыры да бар. Бірақ жергілікті билік бюджет қаржысына қарап отырмай, кемшіліктерді демеушілердің көмегімен шешуге кіріскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *