САЙРАМ: Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарды

Бүгінде бірлігі мен тірлігі жарасқан, еңбекқор халқы бар көпұлтты Сайрам ауданының  ішкі саяси жағдайы тұрақты. Сайрам ауданының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек. Нысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ Сайрам ауданында аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Бұл — Мемлекет Басшысының Жолдауына орай, аудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау.
Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралап, бақылау жүргізді.
Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне Қарасу ауыл округіндегі  тойхана заман талабына сай спорт  кешені ретінде берілді. Арыс ауыл округіндегі мейрамхана ауылдық  Мәдениет үйіне берілді, Қарабұлақ, Қарасу, Қарамұрт ауылдық округтерінде демеушілер есебінен кітапханалар ашылып,халыққа қызмет көрсетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *