
Аудан бойынша «COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау І компонент-51820 адамға жүргізілді. ІІ компонент 31133 адам вакцинациядан өтті. Ауданда 10 егу пункттері ұйымдастырылған, қосымша 2 пункт қосылды. Дегенмен, тұрғындар арасында той, жиындарға бару толастамай тұр. Жасырғанның жарасы асқынады демекші, өз бетінше үйде емделу, денсаулығына немқұрайлы қарау қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын мобильді топтар үздіксіз түсіндірумен келеді. Оған құлақ аспай, өз бетінше әрекеттенетіндер аз емес. Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысының орындалуына қатысты шаралардың күшейтілетінін ескерткен болатын. Алайда, бүгінде Ақсукент ауылдық округіндегі » Ақсу ДеМі» демалыс аймағындағы бассейні өз жұмысын тоқтатпай, азаматтарды қабылдауын жалғастыруда. Бұл коронавирус індетінің таралуын тежеу мақсатындағы шаралардың талабына сай келмейді.