ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері тұрғындармен кездесті

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері аудан аумағындағы «Бозарық» саяжайының тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында саяжайдың өзекті мәселелері, оның ішінде көшелерге атау беру, асфальт төсеу бойынша өтініштері жан-жақты талқыланды.

Айта кетейік, Бозарық саяжайында 55 көшенің 20 көшесіне асфальт төселген. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, қала аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба бекітілді.

Айта кетейік, аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең — кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдардың есік-терезелерін бүтіндеу, істен шыққан құбырларды ауыстыру бойынша үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *