ШЫМКЕНТ: Қаласы әкімінің өкімімен жаңа басшылар тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып Балмаржан Полатқызы Нарбекова тағайындалды.

Балмаржан Полатқызы 1988 жылы дүние келген. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды құқықтану және экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы Шымкент қаласындағы «Жастар орталығы» МКҚК директордың орынбасары болудан басталған. Кейіннен Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Абай ауданының «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО Жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасының басшысы, Түркістан облысының Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.

Сонымен қатар, Қыдыров Ерлан Ермекұлы қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерлан Ермекұлы 1991 жылы туған, Малайзия елінің Лимкоквинг креативтік технологиялар университетін «Экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі» мамандығын бойынша бітірген.

Еңбек жолын «KazPowerCorporation» ЖШС-нің директоры, ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің бас маманы, ОҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы, ТО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, «Turkistan Invest» стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *