Халық санағын жүргізуге ұстаздар үлес қоса ма?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Ұлттық халық санағына педагогтар арнайы жұмылдырылмайтынын айтты – деп хабарлайды turkystan.kz. Дегенмен ұстаздар ерікті түрде қатысамын десе заңмен шектеу қойылмаған.

«Ұлттық халық санағына тартылған 32 мың адамның ешқайсы да педагог емес. Біз педагогтарды арнайы жұмысқа тартуды көздеген жоқпыз. Бірақ, педагог жұмысынан бос болса немесе еңбек демалысында жүрсе, онда ол халық санағын өткізуге қатысуға және сол үшін еңбекақы алуға құқылы. Заңмен шектеу қойылмаған. Жалпы, бюджеттік мекеме қызметкерлерін халық санағына жұмылдырмаймыз», – деді Нұрболат Айдапкелов.
Оның нақтылауынша, Ұлттық халық санағын жүргізуге 32 300 адам жұмылдырылады. Олардың әрқайсысы 833 адамды санақтан өткізуі керек болады. Сол үшін оларға 109 мың теңге еңбекақы төленеді. Жалпы ұлттық халық санағына бөлінген қаражат 9,1 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат 19 млн 51 мың адамға есептелінген. 1 адамға 1,1 АҚШ долларынан айналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *