Әкім өзекті мәселені жасырмауды талап етті

Нұрбол Тұрашбеков жауапты сала өкілдеріне өзекті мәселелерді жасырмай, оның алдын алып шұғыл шешім қабылдауды ескертті.
Түркістанда талап осы. Бүгін бірқатар нысандарды аралаған қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков бөлім басшыларына қатаң ескерту жасап, жұмысты ширату қажеттігін тағы естеріне салды.
Шекті тілеу көшесіндегі су арнасы, Ағыбай батыр көшесіндегі габионды суғару жүйесі, Р-33 су арнасы талапқа сәйкестендірілуі тиістігі айтылды. Жұқпалы аурухана аумағы мен денсаулық саябағын абаттандыру жұмысына қатысты да кемшіліктер айтылып, орындау мерзімі бекітілді.

Шешілмей тұралап тұрған немесе шиеленісу қаупі бар мәселелер болса, жасырмай шұғыл хабарлағандарыңыз жөн. Мерзімінде зерделеніп, заңдылығы сараланған тірлік тоқтамайды. Барлық берілген тапсырмалардың орындалу сатысы күнделікті жұмыс күнінің соңында баяндалсын, — деп Нұрбол Әбдісаттарұлы тапсырмаларды тиянақтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *