
Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Шымкент айналма жолының құрылыс алаңына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждына алып қою жұмыстарын жүргізу тапсырылған.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, «Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолын салу» жобасы Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Айкөл алабаралық учаскесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4 жер учаскеде 5 нүктемен беттесетіні анықталған.
Бүгінгі таңда, жер пайдаланушылар айналма жолмен беттесетін жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруына байланысты, жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары қажет етілмей, мәселе оң шешімін тауып, хаттамалық тапсырманың талаптары толықтай орындалды.