
Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада 171-ші туыстық бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Отаны аурухананың бас дәрігері-трансплантолог Абылай Донбай жасады.
Досымовтар жанұясында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Донор болар алдын дәрігерлердің жіті бақылауында болып, денсаулық көрсеткіші жақсы. Дәрігерлік көрсеткіштері де жақсы қорытындыда. Қаншама отбасыға үлгі болған ағалы-інілі Досымовтар. Науқас бір жылдан бері гемадиализ алып келген, яғни жасанды аппаратпен жүрген.
3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі Досымовтардың екеуінің де жағдайлары жақсы.
«Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Біздің мақсатымыз осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау» — дейді Бас дәрігер. Пандемия кезінде де жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтуда.