
Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен олар, Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елдімекендері газбен толық қамтуды қажет етіп отыр.
Қала тұрғындарын толық көгілдір отынмен қамту мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары барынша жүргізілуде.
2021 жылдың соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Аталған нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен толық қамтамасыз етілетін болады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін 5 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Оның нәтижесінде, Азат, Асар-2, Достык, Бадам-195 орам және Алтынтөбе елдімекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғынның табиғи газға қолы жетпек.
Жыл соңында қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсетшісі 93%-ға жетеді.