
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің астрономия ғылымына арналған «Планетарий залы» іске қосылды. Аталған планетарий бұл жұлдызды аспан, күн, ай және планеталардың кескінін жарты сфералық күмбез түріндегі экранға түсіріп көрсетуге арналған аппарат.
Көрнекті ғалым-философ Əбу Насыр əл-Фарабидің ғылыми мұрасы жөніндегі зерттеулерге айрықша көңіл бөліп, бүгінгі күннің талабы мен келешектің мүддесі тұрғысында зерделеп, елдің мемлекеттік ұстанымына сай қызмет етуге мүмкіндік жасау – қазіргі жаһандық мәселелердің маңыздысы.
Әл-Фарабидің тұжырымдамасында, бұл көктегі қозғалыстарды зерттеуді арифметика мен геометрия арқылы зерттеуге болады. Кітапханада іске қосылған планетарий залында келушілер орындықтарға жайғасып, жоғарыдағы экраннан ғаламшар әлемін тамашалай алады. Бейне көріністер орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Алдағы уақытта оны қазақ тіліне тәржімалау жоспарлануда. Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын әрі қарай терең әрі жан-жақты зерттеу және танымал ету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.