Халық арасында кезекті канвассингтер жалғасын табуда

Халық арасында кезекті канвассингтер жалғасын табуда. Осындай әдемі кездесудің бірі — Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Рая Серікбайқызының «Қазақ тілі» қоғамының, «Кәсіподақ» ұйымының, «Әйелдер ұйымының төрайымы» қызметтерін атқарған, «Ардагерлер» төсбелгісі мен «сауда коорпорациясының Үздігі» төсбелгісімен» марапатталған Түркістан қаласының құрметті азаматы Ташметова Ырыс апамызбен жүздесуі болды.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды даму бағдарламасының Түркістан қаласында орындалу барысын сөзге тиек ете отырып, жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынымен таныстырып, өзара пікір алмасты.
Ташметова Ырыс апамыз 80 жасқа жақындаған шағында Шымкент облысынан шыққан жылдың «100 жаңа есімі» және де «Аялы әжелер» кітаптарына есімі енген ардақты ана. 2017 жылы қала күнінде «Түркістан қаласына сінірген еңбегі үшін» төс белгісін иелене келе, 2018 жылы 14 наурыз «Көрісу» күніне орай облыстық әдет-ғұрып және салт- дәстүр орталығымен бірлескен «Наурыз айы туғанда» атты мерекелік іс-шараға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен, «Ұлағат» төс белгісімен марапатталған.
2019 жылы наурыз айында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалінде ұлттық нақыштағы бұйымдар мен жәдігерлерді халыққа насихаттап, көрсеткені үшін қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.
Бүгінгі таңда, Түркістан қаласының облыс орталығы болуына байланысты «Nur Otan»партиясының мүшесі ретінде қалада өтіп жатқан барлық іс-шараларға белсене қатысып,
Қазақстанның жеткен жетістіктерін, Елбасының саясатын, халықтың ортасында кеңінен насихаттап жүрген асыл аналардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *