
Қызылорда қаласында көпбалалы әке аштық жариялап, өзінің аузын тігіп тастады. Бұған себеп – «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы жолдың нашарлығы.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, балаларды мектепке апарып, алып келу қиынға соғады. Балалардың тамағы мен жолақысына бір күнде 5-6 мың теңге жұмсайтынын айтты. Ал бұл оның табысымен сәйкес келмейді. Жол саламыз деп уәде берген әкімдік уәдесін орындамаған. Ашынған әке аштық жариялап, аузын тігіп тастауға мәжбүр болған көрінеді.
– Көпбалалы әкемін деп емес, жағдайдың қиын екенін айтамын. Мектеп пен үйдің арасы 10 шақырым. 2 мың теңгемен сабаққа апарам, 2 мың теңгемен алып қайтамын. Сонда бұл қалай болады? Мен байдың баласы емеспін. Сол себепті аузымды тігіп, аштық жариялауға мәжбүр болдым, – деді ол Atameken business арнасындағы бағдарламада.