ШЫМКЕНТ: Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуға мемлекеттік қолдау көрсетуде

Солтүстік-Казақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды келесі өңірлерден көшіру бойынша құжаттар қабылдау жүргізілуде:

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары (соңғы жыл және одан да көп тіркелген).

Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

1) көшуге материалдық көмек беру;

Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай – ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.

2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек — ай сайын, он екі ай ішінде мынадай мөлшерде беріледі:

ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

— бір адамға 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде;

— отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК (52 506 теңге) мөлшерінде;

— отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 21 АЕК (61 257 теңге ) мөлшерінде.

3) қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу (сатып алу) және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй беру;

Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс.

Тұрғын үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 6000 тенге.

5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *