Түркістандағы тарихи нысан — Күлтөбе қалажұрты

Күлтөбе қалажұрты — кейінгі ортағасырлық Түркістанның шығыс жағында, шамамен Қожа Ахмед Ясауи кесенесінен 300 метр қашықтықта орналасқан ауданы 150х120 метр биіктігі тоғыз метрлік төбе.
Күлтөбе қалажұрты – ерте ортағасырлық тарихи деректерде «Ясы» ретінде белгілі болған Түркістанның ең ежелгі бөлігі.
Тарихшылар мен археологтардың пікірлерінше Күлтөбе қалажұрты б.з.б I жүзжылдық соңында пайда болған. Ал, Ясы–Түркістан ретінде XIX ғасырдың екінші жартысына дейін болған.
Күлтөбе қалажұрты өзінің жүзжылдық тарихында көптеген өркендеу мен құлдырауларды бастан өткерді, үйлерінің қабырғалары мезгіл-мезгіл жаңа билеушілердің құрылыс қажеттіліктеріне пайдаланылды, көшелер бағыттарын өзгертті, бірақ жалпы Күлтөбе ешқашан жер бетінен де, адам жадында да жоғалмады.
Күлтөбені зерттеу барысында оның тарихи нысан ретінде құндылығы бірден аңғарыла қойған жоқ. Тек, ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында Түркістанды зерттеген Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының зерттеулері арқасында Күлтөбе ерте ортағасырлық дәуірдің маңызды археологиялық ескерткіші ретінде қарастырыла басталды.
Күлтөбедегі алғашқы ғылыми археологиялық материалдарды белгілі археолог Сенигова Таисия Николаевнаның (1922 ж.т.) басшылығымен жұмыс істеген Түркістан тобы тапты. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы ізденістер аясында XVIII-XIX ғасырлардағы қалалық ғимараттар және кездейсоқ — VII-VIII ғасырлардағы керамика және тиындар табылды.
Бұл факторлар белгілі археолог және шығыстанушы тарихшы Михаил Массонның Күлтөбе-Ясының әлдеқайда ежелгі болғандығын және мұның дәлелін Қожа Ахмед Ясауи кесенесінің оңтүстігінен іздеу керек деген тұжырымын жасауына мүмкіндік берді.
Бұл тұжырым 80-ші жылдары Смағұлов Ерболат басқарған Түркістан археологиялық тобы Күлтөбедегі стратиграфиялық зерттеулер нәтижелері негізінде нақты расталды. Ол Күлтөбедегі әртүрлі тарихи дәуірлердің дәлелі болатын жеті құрылыс қабатын және оның Түркістан мен бүкіл Түркістан оазисі үшін маңыздылығын айқындады.
2010 жылы Смағұлов Е. А. Күлтөбе қалашығы археологиялық қазба жұмыстарымен мақсатты түрде айналысқан. Нәтижесінде Қазақстан және бүкіл Орталық Азия аймағы үшін маңызды ғылыми жаңалық — Күлтөбе-Ясы көне рабатының сәулеттік кешені табылды. Кешеннің інжуі -«крест тәрізді» ғибадатхана және архаикалық бекіністі қабырғаның сынықтары болды. Бұл тек Күлтөбенің жасына ғана емес, сонымен бірге оның Ұлы Жібек Жолының ең көп таралған және көне тармақтарындағы маңызды бекеттердің бірі ретіндегі маңыздылығын куәландырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *