ШЫМКЕНТ: Құны 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады

25 просмотров

Шымкент қаласының экономикасын арттыру мақсатында және қалада жұмыс істеп тұрған өндірістік аймақтар 100 пайызға толуының негізінде, мегаполисте тағы төрт аймақ ашу жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Оның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 100 млрд. теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл 10 жобаның құрылысы басталады.

Екіншісі – ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда құны 23 млрд.теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Үшіншісі – 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері аймағы. Мұнда 30 млрд.теңгеге  2 мың жұмыс орнымен 20 жоба іске асады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейтуді тапсырған болатын.

Қала әкімі осы мақсатта Шымкент қаласында төртінші «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатынын жеткізді. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылады,-деп атап өтті қала әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *