ШЫМКЕНТ: 44 850 азамат тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұр

49 просмотров

Шымкент қаласы бойынша жыл  басынан бері тұрғын үй кезегіне 2581 азамат тіркелген. Қазіргі таңда, қалада жалпы саны  44 850 азамат тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұр. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 42 269-ды құраған болатын. Яғни ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын үй кезегіне тіркелушілер саны едәуір артып отыр.

Тұрғын үй кезегінде тұрған 44 850 азаматтың ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 727, көпбалалы отбасылар — 8 093, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 15 311, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер — 19 692, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар саны 27-ні құрайды.

Биылғы  жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар  кезегінде тұрған  161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе,  мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 147 азамат арендалық пәтерге қол жеткізді.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, халықтың  әлеуметтік жағынан  әлсіз топ мүшелері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар қатары бар.

Ал несиелік бағытта  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңға дейін  тұрғын үй мәмілелерін жасап, баспаналы болған азаматтар саны 1693-ке жетті. Оның ішінде «Отбасы банк» тарапынан кредиттік тұрғын үй бағыты «5-20-25» бойынша 679 азамат тұрғын үймен қамтылған болса, оның 291-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер қатарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.