Тәліптер террорлық шабуыл жасауы мүмкін

Кабул әуежайында террорлық шабуылдан қауіп бар екенін біршама елдер мәлімдегені жөнінде ВВС арнасы хабарлады. Тіпті Австралия, АҚШ және Ұлыбритания сынды елдер өз азаматтарына ол жақа бармауды қатаң түрде ескертті. Сондай-ақ әуежайға жақын жүргендерге ол аймақтан дереу кетуге кеңес берді.

Осыдан 10 күн бұрын тәліптер басып алған Кабулдан 82 000-нан астам адам құтқарылған болатын. Біраз мемлекеттер 31 тамызда адамдарды эвакуациялауға асығып отыр. Мыңдаған адамдар елден ұшуға үміттеніп, әлі де әуежайда отыр.  Кабулдағы шетелдіктер мен ауғандықтарға 31 тамыздан кейін елден кетуге рұқсат берілді. Бірақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша тәліптер одан әрі мерзімді ұзартуға қарсы болып отыр. Австралияның Сыртқы істер министрі Мариз Пейн: «террористік шабуылдан қаупі бар» деді.

Сондай-ақ, АҚШ Ауғанстаннан кеткісі келетіндерге көмектесуге дайын екендігін айтты. Тіпті АҚШ Президенті Джо Байден өзінің твитер парақшасында қауіпсіз эвакуация үшін қолынан келген барлық амалдарды жасайтындығын айтқан.

Қазіргі таңда Кабул әуежайын 5 800 американдық және 1000 британдық әскер бақылап отыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *