
Тамыз айының 25 күні Белград – Сербия сарайында ҚР Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігі.
Кездесуде Мади Атамқұлов Сербия мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырды.Марапаттаудан кейін өткен екі жақты кездесу барысында Сербия Президенті Александр Вучич қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Сербия басшысы Белград пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.
Мәди Атамқұлов өз кезегінде Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту ниеті туралы мәлімдеді.
Қос тарап саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы, атап айтқанда, жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды, бірлескен жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру туралы ортақ пікірге келді. Бұл ретте ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар қос маңызды оқиға – Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жылдығы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өтеді.
Кездесу соңында серб мемлекетінің басшысы Александр Вучич Мәди Атамқұловқа табысты және жемісті жұмыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізді.