Шымкенттік білім ордасындағы Н.Назарбаев кітапхана-кабинетіне бас сұқсаңыз болады

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық кабинет 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінен ашылғанда дүйім ел елең еткен-ді. Қос профессор, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков пен Өмірзақ Айтбайұлы арнайы келіп, кабинетті ашып берген сәт күні кешегідей есімізде. Сол бір тебіреністі сәттен бастап бұл кабинетте ылғи маңызды жиындар, келелі кездесулер, ойлы отырыстар өтіп келеді.

Елбасы кітапханасы ОҚМПУ-дың бұрынғы ректоры Оңалбай Аяшевтің идеясымен ашылған. Мұндағы басты мақсат – жоғары білікті мамандарды ІТ технологияларды пайдалана отырып дайындау және оларды қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу. Кабинет жоғары технологияның ең соңғы үлгісі бойынша жабдықталған. Университеттің бағдарламалық және техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ләззат Байырбекова кітапхана Polycom видеоконференц-байланыс аппаратурасы, 16 делегатқа арналған дискуссиялық жүйе, соңғы үлгідегі 4 СМАРТ теледидарымен қамтамасыз етілгенін айтады.
– Бұл кабинетке жоғары жылдамдықпен локалды және WI-FI интернет қосылған және әлемдік интернет ресурстарына кіру мүмкіндігі жасалған. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Томсон Рейтерс әлемдік деректер қорына кіруге мүмкіндік бар. Мұнда үздік студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми жобамен айналысады, — дейді Ләззат Мырзаханқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *