Сайрамда «Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы өткізілді.
Отырысты клуб мүшесі Баймаханов Әбдіразақ ашып, төрағалық жасады. Күн тәртібіндегі сауалдар — Сайрам ауданы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы туралы Сайрам аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы және Сайрам ауданында экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері туралы қоғам белсендісі Сыдықов Нұрмахамбет Тілеубердіұлы баяндап берді.
Клуб мүшелері берілген мағлұматтар бойынша аудандық денсаулық сақтау саласындағы тындырымды тірліктер мен кеткен кемшіліктер және аудандық экологиялық ақуалды жақсарту туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
«Парасат» пікірталас клубының негізгі мақсаты – проблемалық мәселелерді ашық айтып, оның шешу жолдарын қарастыру. Қоғам болып атсалысу. Осындай игілікті істердің басы-қасында қоғам белсенділерінің, ауданға жанашыр азаматтардың жүргенін қалаймын»,- аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы сөзін осылай қортындылады.
Жиын соңында клуб мүшелері тарапынан клубтың келесі отырысында аудандағы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту мәслесін қарастыру, сондай-ақ, отырыстың төрағалығына аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Айтбаев Базарбайды ұсынып, ол клуб мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *