ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРДІ

Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №5 өт сөндіру бөлімімен бірлесіп, Ленгір қаласы С.Дүйсемұратұлы және Базарная көшелері бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жылыту маусымы кезінде улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, « Улы газдан уланудан сақтану» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған парақшаларды таратылды

Қыс мезгілінде елімізде газдан улану оқиғалары жиі кездеседі. Көп жағдайларда газдан улану газдарды, қазандықтарды дұрыс пайдаланбағаннан шығады. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамға дәрігерден бұрын алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі маңызды.

Есіңізде болсын! Уланған адамды қауіпті жерден алып шығу барысында өзіңіз де уланып қалмау үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз керек. Ол үшін бет орамал арқылы дем алуыңыз, әрі тез әрекет етуіңіз керек. Көбінесе адамдар ұйқыда жатқан кезде газға қалай уланып қалғанын білмей қалады. Осының бәрі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан, салғырт қарағаннан шығады!

Мекеме қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға сақтық шараларын түсіндіріп, қазандықтардың орналасу жәйттарымен танысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *