ШЫМКЕНТ: Инвестиция тарту бойынша республикада 2-орында

Шымкент қаласы инвестиция тарту бойынша республикада 2-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысының 2021 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өткен жиында айтылды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштерінің қарқынды өсіп келе жатқанын айтты. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен. Әсіресе, өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын дамыту жоғары деңгейде. Ұлттық экономика министрі Шымкент қала­сының жыл басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең үздік көрсеткішке қол жеткізгенін атап өтті.

Биыл Шымкентте 46 инвестициялық жоба іске асады. Өткен жылы қала экономикасына 278,5 млрд теңге инвестиция тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 пайыз­ға артқан. Сонымен қатар 2020 жылы жал­пы құны 88,8 млрд теңгені құрайтын 34 ин­вес­тициялық жоба іске асырылып, 2 000 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал биыл үшінші мегаполиске 25,8 млрд теңге құйылып, көрсеткіш былтырғыдан екі есе ұлғайған. Сондай-ақ Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-ин­но­вациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтің айтуынша,  алдағы  2021-2025 жылдар аралығында жалпы құны 2,46 трлн  теңгені құрайтын 205 инвес­тициялық жоба іске асырылмақ. Сол кезде  Шымкентте 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *