
Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 260 жағдай (225 симптоммен, 35 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 103 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 157 адам үй бақылауына алынды. бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 4491 адам вакцина алды (I компонент-2129, II компонент-2362). Егу науқаны басталғалы барлығы 417 826 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 349 497 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.
Сонымен бірге, Әл-Фараби ауданында да санитарлық талаптарды сақтау бақылауға алынған. Аудан әкімі аппараты жанынан «COVID-19» пандемиясына байланысты енгізілген карантин талаптарын жүйелі түрде сақтамай бұзатын нысандарды аралау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы 8 мониторингтік топ құрылған. Құрамында арнайы мекемелердің жалпы 52 қызметкері бар. Оның ішінде 23 аудандық ішкі істер қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау мекемесінің өкілдері, қоғамдық ұйым және жастар орталығының өкілдері бар. Арнайы мониторинг тобымен жыл басынан бері 31 174 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Оның ішінде 442 кәсіпкерлік нысанға арнайы әкімшілік хаттама толтырылып, 31 172 970 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.