Шымкент архитектуралық жаңа келбетке айналды

Бақытты тұрғындар Tamerlan Residence тұрғын кешенінің екінші кезегінен пәтер кілттерін алды. Жобаның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың 2 тоқсанында басталған. Сол кезде BI Group Шымкент нарығына шыққанын хабарлаған. Осы қысқа мерзімде кешен қаланың нағыз сәулетті орталығына айналып үлгерген.

Кешен екі кезектен тұрады. Үйлер 12 және 16 қабатты. Жақын жерде маңызды әкімшілік және мәдени нысандар орналасқан. Атап айтсақ, қалалық әкімшілік, драма театры, Назарбаев Зияткерлік мектебі, кітапхана, көрме орталығы, сауда орталығы, емхана және фитнес орталығы.

Аула территориясы бірнеше аумаққа бөлінген. Белсенді демалыс пен спортпен айналысуға да, асықпай отырып көлеңкеде демалуға да ойластырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған: автокөліктер кірмейтін аула, тәулік бойы бейнебақылау. Ойын алаңы барлық жастағы балаларға арналып жасақталған. Панорамалық терезелерден қала көрінісі ашылады. Жасыл аула, жарасымды түстердің арқасында кешен маңы ерекше жайлы. Шымкентте тұңғыш рет тұрғын үй құрылысында ландшафт дизайны қолданылды, аулалар мен кіреберістер бірегей авторлық дизайнмен жасалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *