Сауран аудан әкімдігі мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен » Невада -Семей» полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай, » Ядролық қарусыз азат елге» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаев, Түркістан облысы » Ядролық сынақ полигоны» ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Қ.Саликбаев пен бірлестік ардагерлері, ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Т.Жанәділов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Жұмабекова, ішкі саясат, мәдениет, кітапхана қызметкерлері қатысты. Естеліктер мен жылы лебіздер айтылды.
Аталған бірлестіктің ардагерлеріне Сауран ауданы әкімінің орынбасыры С.Ө.Садибаев аудан әкімі Ғ.Қ.Рысбековтің алғыс хаттары мен сый-сыяпатын үлестірді.
Сауран ауданында 80-ге жуық «Невада-Семей» полигонына қатысушы азаматтар бар, олар қазіргі таңда ҰОС ардагерлерімен теңестірілген.