САЙРАМ: ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының төрағалығымен лездемелік мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Түктібай, «Ақсукент» Сайрам аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Қ.Ыдырысов «Қарабұлақ» аудандық орталық аурухана бас дәрігері Э.Қожахметова, аудандық полиция басқармасының басшысының орынбасары С.Ботабеков қатысты.
Сайрам тазалық» жауапкершілік шектеулі серіктестіктің мекемесі тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айына дейінгі мекеме қызметкерлеріне берешек қарыздары 25,0 млн. теңгеге қордаланған болатын. Бүгінгі күнге берешек қарыздары 8,0 млн. теңгені құрайды. Мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған мәселе Сайрам ауданының прокуратурасының жіті бақылауында. Сонымен қатар аудан тұрғындарының «Сайрам тазалық» ЖШС мекемесіне тұтынылған ауыз суға жалпы – 31 070 673 теңге берешек қарыздары қалыптасқан,- деп баяндады аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Абданбеков
Су мен светтің қарызымен ойнауға болмайды, өшіріп қояды, әр тұрғынға жеке- жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіңіздер. Қарызды қайтару парыз емес пе, пайдаланған қызметті төлеу санасында болғаны жақсы. Ауылдық округ әкімдеріне әрқайсысына бөлек мерзім қойып уақытында орындалуын ұйымдастыру бөлімі назарға алыңыздар. Және де халық санағы ол саяси науқан екенін ескеретін болсақ, дайындықты күшейтіп, өз дәрежесінде өткізу қажет, деп қорытындылады аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы.
Ұлттық халық санағының екінші кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев хабарлады. Мәжілісте ауданда тұрақты және уақытша тұратын, бірақ тіркелмеген тұлғаларды дер кезінде анықтап, олардың дұрыс тіркелуі мен толық есепке алынуын тексеру жұмыстарын жүргізу халық санағын өткізудің дайындық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл жолғы санақтың бұрынғыдан басты ерекшелігі – электронды форматта өткізілетіндігі және Ұлттық санақты жоғары деңгейде өткізу үшін дайындық жұмыстарын жандандыру қажет екендігі ескертілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *