АҚШ-тың соңғы әскері Ауғаныстаннан кетті

Кабул әуежайынан соңғы америкалық әскери ұшақ ұшып кетті. АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтады. Бұл туралы Пентагон өкілі генерал Кеннет Маккензи 31 тамыз, сейсенбіге қараған түні айтты, — деп хабарлайды Аймақ ақпарат РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісінің міндетін атқарушы Росс Уилсон соңғы эвакуациялық ұшақпен Ислам Республикасынан кетті, деді Маккензи.

Генералдың айтуынша, америкалықтар Ауғанстанда қалған әскери техниканы істен шығарған, оны қайтадан пайдалану мүмкін емес.

«Біз жүйелер (әуежайдың зымыранға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету) соңғы минутқа дейін жұмыс істегенін жөн санадық, бұл күрделі жүйелер, оларды бөлшектеу уақытты қажет етеді және техникалық тұрғыдан қиын, сондықтан біз оларды ешқашан пайдаланбау үшін істен шығардық, біз оны маңызды деп санадық», — деді әскери қызметкер брифингте.

Сондай-ақ, ол 26 әскери техника мен 73 ұшақ әдейі істен шығарылғанын айтты. «Олар енді ешқашан ұшпайды», — деді Пентагон өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *