30 тамызда түстен кейін Жамбыл облысындағы тас жолда жаппай жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылы 30 тамызда Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолында Алматы қаласына қарай 393 шақырымда 11 автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Бірнеше адамның түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскені айтылады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.