Төтенше жағдайлар министрлігі «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясына қатысты

Төтенше жағдайлар министрлігі  Отбасы күнін мерекелеу аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткізіп отырған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты ,- деп хабарлайды ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті

Акцияның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

Оқу мәдениетін, балалар мен жастардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерінің кітапхана қорын толықтыру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мектеп және көркем әдебиеттің 200 жаңа кітабын сатып алып, одан әрі ауыл мектептеріне бөлу үшін Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау офисіне берілді.

Сатып алынған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қазіргі заманғы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары мен жастардың мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыруға көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *