Тамыздың 17-31 аралығында БАӘ, Дубай қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында 18 мемлекеттің қатысуымен Азия чемпинонаты өтті. Жарысқа Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен жасөспірімдер арасында 1 спортшы, Сабырхан Төрехан 52 келі салмақта алтын медаль иеленді,-деп мәлімдейді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жастар арасында 2 спортшы, жастар қыздар арасында 1 спортшы қатысып, Абдікарим Абдіғалым 57 келіде сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Онымен қоса, рингте өзінің мықтылығын көрсеткен +92 келіде ел намысын қорғаған Сапарбай Даниял күміс жүлдегер атанды. Жекпе-жекте 70 келі салмақта жұдырықтасқан талантты боксшы кызымыз Гаухар Шайбекова да күміс жүлдені иеленді.
Түркістан облыстық № 5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен жалпы 4 спортшы қатысып, 2 спортшы алтын, 2 спортшы күміс иеленді.
Осылайша Дубайда бокстан өткен кезекті Азия чемпионатында Қазақстанның жастар құрамасы үлкен жетістікке жетті.
Қазақстан жастар құрамасы бокстан Азия чемпионатында 8 – алтын, 2 – күміс, 2 – қола еншілеп, бас жүлдені иеленді. Бұл додада бокстан сары құрлық елдерінің адуынды жастары бас қосып, тəжірибелерін арттырды.
Екінші орынды 3 – алтын, 3 – күміс, 1 – қоламен Өзбекстан жастары иеленді.
Азия чемпионатының жекпе-жегінде бұрымды боксшыларымыз Аида Сарибарова мен Ұлжан Сарсенбек алтын медаль иеленіп, жеңістің шыңын бағындырды.