САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

1 қыркүйек білім күніне орай, Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Ынтымақ ауылында жаңа оқу жылында Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №13 жалпы орта мектептің жаңа ғимаратының ашылуы рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейісов, Шаға ауылдық округінің әкімі А.Наринбетов, Шаға ауылдық ата-аналар комитетінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі А.Абдукаримов, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Ғани Құрмашұлы және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Қуатбекұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында жаңа мектептің жұмысына сәттілік тіледі.


Сауран ауданында алғаш ашылған 300 орындық мектептің табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулықтары табыс етілді.
Мектептің сыйымдылығы 300 орындық, типтік, үш қабатты.
Мектеп 100 орындық асхана, медпункт, спорт залмен қамтамасыз етілген. Жаңа мектептің мердігері «Ныш-Ер» ЖШС.
Мектепке 480 бала қабылданып, 30 мұғалім оқушыларға сапалы білім беретін болады. Жаңадан Сауран ауданы құрылғалы бері ашылған жаңа білім ордасы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *