
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігі.
Келіссөздер барысында қос тарап екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.
Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.