Жетісайда әуесқой лига ойындарынан аудан жеңімпаздары анықталды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Жетісай ауданы әкімдігінің 2021 жылдың 29 сәуірдегі №399 қаулысымен «Жетісай спорт клубы» құрылған болатын.

Спорт клубы осы жылдың 1 мамырынан бастап аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен кіші футболдан және жағажай волейболынан Жетісай ауданының әуесқой лига ойындарын өткізуді қолға алған болатын. Әуесқойлар арасындағы лигада 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер 12 команда, 18 жастан жоғары жастардың «А»лигасында 19 команда, «Б» лигасында 20 команда, +35 жас ересектер арасында 14 команда және жағажай волейболынан 19 команда қатысып бақ сынасты. Осылайша Жетісай ауданының ашық жазғы лига ойындарына жалпы 84 командада 1200-ге жуық спортшылар қамтылды.

Әуесқой лига ойындарының жабылу салтанатына ауданның Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық маслихат депутаты Марат Ділдәбеков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен спорт ардагері Бақыт Жанбырбаев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Талас Битуреев  пен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев қатысып, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

«Спортпен шұғылдануға уақыт жетпейді» деушілерге спорт пен еңбектің егіз екендігін, екеуін де бірдей алып жүруге болатынына өзгелердің де көзін жеткізуге барынша әрекет жасадық»,-дейді «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Талас Битуреев.

Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының спортшылары қатысқан лига ойындарының жабылу салтанатында жеңімпаз командалар, әдемі ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар, команда жетекшілері ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталып, медальдары мен арнайы кубоктарына ие болды.

Айта кетейік, ауданының ашық жазғы лига ойындарын өткізген «Жетісай спорт клубы» КММ мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі алдағы уақытта күзгі лига ойындарын өткізуді де жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *