
Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.
Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Build strip» ЖШС атқаруда.
Қазіргі таңда жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков және Темірлан тас жолы бойында атқарылуда.
Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, мамандар тарапынан қадағалануда.
Сонымен бірге, Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында және көше бойындағы ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалау, суғару және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды мердігер “Build Stroi” ЖШС-і тұрғындардың өтінімі және кестеге сәйкес атқаруда.
Аудан тұрғындары жұмысшылардың еңбегін әрқашан бағалап, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болад