
Қалалық кітапханалар тарапынан «Жеңіс» саябағында «Тіл және әдебиет» атты кітап көрмесінде «Оқуға тиіс 10 кітап», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақша 100 бестселлер» сериясымен шыққан кітаптар, тілдік танымды арттыратын, жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беретін кітаптар ұсынылды.
Ал, театрлар тарапынан Арбатта «Тіл — тарих» атты іс-шарасы,
— «Күлтегін» қойылымы (Күлтегіннің насихат сөзі, тасқа қашалып жатқан көрінісі)
— «Әбу Насыр Әл-Фараби»
— «Абай», «Пушкин», «Гете», «Лермонтов»
— «Ыбырай Алтынсарин»
— «Науаи мен Байқара» қойылымдары келуші қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлады.
Өзге этностардың мәдениеті мен тілін құрметтей отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында іс-шараға тіл мәселесін көтеріп жүрген тіл жанашырлары мен қала тұрғындары қатысты. Арнайы шақырылған, қазақ тілінің — ұлттық белгі, халықтық мұра, тәрбие діңгегі, білім-ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны екенін ұғындырып, ана тілімізде сөйлеуді насихаттауда ерекше үлес қосқан бірқатар Шымкент қаласы тұрғындары марапатталды.