ШЫМКЕНТ: 22 жоба бойынша жер учаскелеріне құқық берілді

Ақпараттық-коммунициялық орталығында «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.Канкин мен «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Е.Қаттабековтің қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Б.Канкин Шымкент қаласына тартылған инвестиция туралы баяндады.
– Биыл «Shymkent» ӘКК» АҚ 45 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шарт жасасты. Жалпы сомасы — 527,5 млрд. теңге. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның 22 жобасы бойынша жер учаскелеріне құқық берілді. Құқық беру сатысында 23 жоба бар. Бүгінгі таңда жер учаскелеріне берілген құқықтардан ӘКК-нің жоспарлы табысы 5,2 млрд.теңгені құрайды. Инвестиция сомасы 495 млрд. теңге және жалпы қуаты 1 769 589 шаршы метр болатын көп қабатты тұрғын үй құрылысының 25 объектісін салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Бауыржан Тоқболатұлы.

Спикердің сөзінше, көпқабатты тұрғын үй құрылысы саласындағы инвесторлар қатарында «BI GROUP», «ORDA INVEST», “Bazis-A”, SDN Construction, «Отау Строй», «Оңтүстік Құрылыс Сервис» және т. б. республикалық, өңірлік құрылыс нарығының ірі компаниялары бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *