Пандемия жағдайындағы мемлекеттің дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын ұлттық жобалар құнды болып табылады. Сондықтан ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілеті, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың әл-ауқатының артуы, экономикалық өсім, ғылым, технология және білім, денсаулық сақтау ісі, мәдениет, экология және табиғатты тиімді пайдалану стратегиялық ұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Республикадағы қазіргі саяси-экономикалық дамудың басты факторы — өмір сапасының, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктердің, өмір сүру салты мен өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетінің айырмашылығынан туындайды. Бұл мәселе саяси жағдайға, дамудың тұрақтылығы мен халықтың қауіпсіздігіне үлкен ықпалын тигізетін фактор. Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» бағыттарында маңызды шаралар ұсынып отыр.