Жас былғары қолғап шеберлері жекпе жекте өздерінің мықтылықтарын көрсетті

Дубайда бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында еліміздің жастар құрамасы зор жеңістікке қол жеткізді. Рингтің көркін қыздырған дода жайлы келесі бейнематериалда.

Сары құрлық елдерінің ең таңдаулы деген жас боксшылары бас қосқан бəсекеде Қазақстанның жас былғары қолғап шеберлері жекпе жекте өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Рингте өнер көрсеткен Түркістан облысының №5-ші мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен төрт шəкірт қатысып, Азия чемпионатынан 2-алтын, 2- күміс иеленді. Түркістандық Абдикарим Əбдіғалым 57 келі салмақта жекпе-жекте сынға түсіп, қарсылас шыдатпай жеңімпаз атанды.

Бокстан аяқталған Азия чемпионатынан елге олжалы оралған жерлестерімізді спорт сүйер қауым мен облыстық №5 спорт мектебі ұжымы жеңімпаздар мен жүлдегерлерін Шымкент əуежайынан қарсы алды. Азия чемпионатының додасында жастар арасында алтын медаль иеленген Абдикарим Əбдіғалым бұл жарысқа бапкерлерімен бірге жоғары деңгейде дайындық жасағандығын жеткізді.

Айта кетерлігі сары құрлық елдерінің жастары арасында өткен бокс бəсекесінде +92 келіде ел намысын қорғаған Шардара ауданының тумасы, күміс жүлдегер атанған Даниял Сапарбай жуырда Шардарадағы №4 облыстық спорт мектебінен тəрбиеленіп, Түркістан облыстық №5 олимпиадалық спорт мектебіне ауысты. Бұл жиында сонымен қатар Азия чемпионатына боксшыларды баптаған Ербол Тұрсынбаев алдағы кезде шəкірттерінің шеберліктерін шыңдауда тың жұмыстар атқаратындығын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *