ШЫМКЕНТ: 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ел Үкіметіне мал шаруашылығы мен аграрлық салада атқарылуы тиіс маңызды міндеттерді белгілеп берді. Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету екендігін баса айтты.

Бұл бағытта Шымкентте 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Оның бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд. теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады.

Екінші аймақта 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады. Мұнда 30 млрд. теңгеге 2 000 жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге асатын болады.

Актив отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов аграрлық индустрияны жолға қоюда кешенді жұмыстарды жалғастыру қажет екендігін айтты. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына мал жайылымдық жерлерге талдау жүргізіп, мал басының саулығын, өнімділігін арттыруда жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырды. Сонымен бірге, Цифрландыру басқармасымен бірге ветеринария саласын автоматтандыру процесін зерделеуді жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *