
«Жомарт жүрек» жобасы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және меценаттық пен қайырылымдылық идеяларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Премия 5 номинация бойынша табысталады.
Атап айтқанда:
Қайырымдылық жобаларды, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Махсуда Маккамбаевна марапатталады.
Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Динмухаммед Сейткаримович марапатталады.
Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге көмек көрсеткені үшін «Туған өлке» номинациясы бойынша Қуаныш Әмірсейітұлы марапатталады.
Ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Пердебай Шмадиярович марапатталады.
«Ерен еріктілік» номинациясы бойынша волонтерлер іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Жазира Тилеубергенқызы марапатталады.
Лауреаттарды құттықтаймыз, пайдалы әлеуметтік және қайырымдылық қызметті одан әрі жалғастырып, қаламыздың игілігіне арналған әлеуметтік бастамаларды іске асыруда табысты тәжірибе үлгісі болуды тілейміз.