
Жас бүлдіршіндердің тұсауын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, «Түркістан» сарайының директоры Сәкен Майғазиев, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, айтыскер ақын Біржан Байтуов Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уалибек Әбдірайымов сынды елге сыйлы, белгілі азаматтар кесті.
Тұсаукесер рәсімінен соң шаһар басшысы бүгінгі бүлдіршіндердің ертең ел болашығы боларына сенім білдіріп, балаларға ақ жол тіледі.
— Балаларымыздың мерекесі қарсаңында, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 бүлдіршіннің тұсауын кестік. Осыдан кейін балаларымыздың болашаққа деген қадамы нық балып, еліне қызмет етер азамат болады деп сенемін, — деді Мұрат Дүсенбекұлы.
Бұл шараға жас білдіршіндердің ата-аналары да үлкен үмітпен келген. Есімі ел аузында жүрген азаматтардың өз баласының тұсауын кестіріп, сол тұлғалардың жолын берсін деп жақсылыққа балап жүр. 70 жасқа келгенде алғашқы немересін көрген Өтегүл апа да бүлдіршінін қолына алып, бүгін тұсауын кестірді.