Әлеуметтік желіде жылдам таралып, жұртшылықты дауысымен таңқалдырған қойшы баланы танымал әнші Жігер Ауыпбаев іздеп тапты. Жасөспірімнің талантына тәнті болған өнер иесі оны өзімен бірге қалаға алып келгенің әлеуметтік желіде жариялады.
Жеткіншектін ән салған видеосы Тик – ток әлеуметтік желісінде тарап, жұртшылықтын ықыласына бөленген еді. Бүгінде ол танылған бейнеролик 1,3 миллион қаралым жинаған. Аз уақыттың ішінде 9 – сынып оқушысы Айдос Кәденнің есімі республикалық БАҚ – та айтыла бастады.
Бүгінде Алматы обылысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұратын жасөспірім әншіні Жігер Ауыпбаев арнайы іздеп тапқанын жеткізеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
«Бұлақ көрсен көзін аш» Қойшы баланың жайлауына барып ата-анасының алдынан өтіп қайттық. Сайын далада еш заңдылыққа бағынбай қой бағып жүріп емін-еркін сайрап өскен қойшы баланың бойынан бала күнгі Жігерді көргендей болдым.
Туған ауылым Кегеннің оң жақ қапталынан орын тепкен Көкпияз ауылында балалық шағымның бір бөлшегі қой бағумен өткен еді. Өрісте қой кезекте жүріп кеш батқанша уақыт өтпей қоятын. Сол кезде астымдағы атымды тұсап қойып, қойларға айқалап ән айтып беретін едім. Таудың тәрбиесі бөлек қой. Маған дейін біраз жандар хабарласып қойшы балаға қолқа салған екен. Қойшы баланың ата-анасы, бауырлары маған шәкірттікке беруге ниет еткенін білдірді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Өзім әлі күнге дейін біреуге шәкіртпін. Десек те, осы күнге дейін жиған азды-көпті ілім-біліміммен енді қойшы баланы баптап көреміз. Өнер жолы өте ұзақ жол. Бұл жолда өнерді сүйген адам ғана жетістікке жетеді. Арманға жету жолында қаншама қиындықтар, соқпақ жолдар кездеседі.Солардың бәрінен сүрінбей өткен адамның маңдайы жарқырайды. Ал сіздер қойшы бала екеумізге сәтттілік тілеп, ақ баталарынызды беріп қойыныздар»,- дейді әнщі Жігер Ауыпбаев.