ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СӘБИЛЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЕРЕКШЕ ЕСІМДЕР

Халқымыз жаңа туған нәрестеге ат қою дәстүріне ерте заманнан үлкен жауапкершілікпен қараған. Кез келген ата-ана баласына мағынасы дұрыс, көркем ат қоюға тырысады. Себебі, баланың есімі болашағына әсер етеді деген сенім бар. Бүгінгі жас жұбайлар сәбиінің есімі құлаққа жағымды естіліп, болашақта өзіне ұнайтындай болуын ескереді. Ал, ғалымдар осы уақытқа дейін бір есімді иеленген адамдардың мінезі мен өмір сүру салты, тіпті, сырт келбеті өзара ұқсайтынын дәлелдеген.
Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ қызметкерлері биылғы жылы дүниеге келген 2350 нәрестенің есімдеріне талдау жүргізіп, ерекше есімдер тізбегін жасады.
Биылғы жылы ұлдар арасында: Ханкелді, Мухаммад Али, Ербатыр, Бақжан, Бөкейхан, Ұланғасыр, Сауран, Тілектес, Абілмансур, Ержүрек, Әлхабиб, Байсултан, Фараби, Әмре, Абузар, Маруан, Фирдоуси, Муслим есімдері ерекше.
Қыздар арасында: Бегімай, Айкөркем, Айғанша, Сырғалым, Айбике, Көзайым, Ақбалым есімдері өзгеше.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *