«Covid-19» инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда.
Күнделікті мобилдік топтың рейдтік тексеру жүргізу барысында 2021жылдың тамыз айының нәтижесі бойынша жалпы араланған нысандар — 20549 құраған.
Толтырылған хаттама — 825.
Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау нәтижесіне сәйкес, I-ші компоненттің вакцинасын ектіргендер – 75834 адам болса, II-ші компонентті – 49548 азамат қабылдады.
Қазірде «Hayat Vax», «Sputnik V» вакциналарынан бөлек, «Sinovac» вакцинасы егілуде.
Соңғы статистикаға сай, қыркүйекте «COVID-19» диагнозымен тіркелген науқастар саны– 88, пневмония диагнозымен науқастар тіркелмеген.
Жыл басынан бері 52078 адам ПЦР тест тапсырып, денсаулығын тексерді.